Жасыл белдеу аумағында қосымша 1,5 млн астам ағаш отырғызылады

Елорданы абаттандыру мен көгалдандыру сыртқы факторлардың атмосфераға жағымсыз әсерін азайтуға мүмкінідік береді. 2012 жылдан бері Астанада 1323,5 га жерге «Оңтүстік-батыс бөлігі» және «Талдыкөл су жинағышы» учаскелерінде 1 846 560 көшет отырғызылды.

Ағаштар көмірқышқыл газын сіңіреді және оттегі бөліп шығарады, 24 сағаттың ішінде бір ағаштан үш адамға жетерлік оттегі бөлінеді, ал 1 га жасыл көшет бір сағатта 8 л көмірқышқыл газын сіңіріп, атмосфераға 30 адамның өмірін қолдауға жетерлік оттегі мөлшерін бөліп шығарады. Ағаш қалыңдығы 45 м жуық ауа қабатын көмірқышқыл газынан тазартады.

Астана жаңалықтары: Жасыл белдеу аумағында қосымша 1,5 млн астам ағаш отырғызылады

Қала көшелері мен саябақтарда отырғызылған жасыл көшеттер сәндік-жоспарлау және рекреациялықтан басқа, өте маңызды қорғаныш және санитарлық-гигиеналық роль атқарады. Жергілікті жердің ауа райының ерекшеліктерін ескере отырып, елорда аумағында ауа райы жағдайлары күрт өзгерген жағдайда өсе алатын ағаш егіледі. Атап айтқанда, терек, тал, қайың, үйеңкі, кәдімгі қарағай, сібір шыршасы, шегіршін, жиде және т.б.

Бес жылда Астананың жасыл белдеуінің 56% қылқан жапырақты ағаштар (шырша, қарағай, сібір балқарағайы) және 44% жапырақты ағаштар (емен, шегіршін, жиде) отырғызылды.

Қазіргі таңда Астана қаласының жасыл белдеуі аумағында көшеттерді қалпына келтіру мен екінші қабылдаудағы орман дақылдарын жасау жобасының кезекті кезеңі әзірленді. Жасыл белдеу аумағында қоян, түлкі, қарсақ, құр мен қырғауылдар мекендейді. 5 жылдың ішінде 4 483 қырғауыл өсірілді. Өткен жылы жасыл белдеу аумағына 4083 жабайы аң жіберілген. Қазіргі кезде вольерде 400 қырғауыл мен 1500-ден астам балапан бар. Қырғауылдар мекендейтін ареалдың мониторингі олардың жыл сайын жасыл белдеу аумағына таралып, табиғатта белсенді көбейіп жатқанын көрсетті.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Жасын да кәрісін де жұмылдырған сенбілік

Астаналық жастар мен ардагерлер 200 жуық ағаш отырғызды

Жалпықалалық сенблік аясында Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлері мен оқушылар қаланы көгалдандыруға белсене қатысты. Олар Қорғалжын тас жолының бойында 200 жуық көшет отырғызды.

— Жасы мен жағдайына қарамастан өз қаласына қамқорлықпен қарау – әр азаматтың борышы, сондықтан біз жолдастарымызбен бірге қаланы көгалдандыруға, оны көркейтуге атсалысу үшін осында келдік. Астана – керемет гүлденген қала, оны мақтан етіп, күтіп ұстауымыз керек, — деді социалистік еңбек ері Леонид Картаузов.

Ардагердің пікірінше, өскелең ұрпақтың қандай болып өсетіні ересектерге байланысты, сондықтан балаларға жақсы үлгі көрсетіп, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды үйретіп, еңбекке баулу керек.

Астана жаңалықтары: Жасын да кәрісін де жұмылдырған сенбілік

Өз кезегінде қалалық мектеп оқушылары ағаш отырғызуға, аумақты тазартуға қатысып, ардагерлердің әңгімелерін тыңдады, олармен өздерінің болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.

— Біздің №69 мектепте сенбіліктер жиі өткізіледі, оған қуана қатысамыз. Ал бүгін ҰОС ардагерлерімен кездесіп, уақытты тиімді өткізу мүмкіндігіне ие болдық. Әрине, оларға көмектесіп, бәрін өзіміз істеуге тырыстық, ал ардагерлер бізге қызықты әңгімелерін айтып берді, — дейді Гүлсезім Хасен.

Шараға 10 ардагер мен 48 оқушы қатысты. Естеріңізге сала кетейік, жалпықалалық сенбілікке 100 000 астам адам шықты, қала бойынша 16 000 ағаш отырғызу жоспарланған.
Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Жалпықалалық сенбілік нәтижесі

Астанада экологиялық айлық аясында «Таза қала — бақытты қала!» жалпықалалық сенбілігі өтті. Қала тұрғындары бұл шараға белсенді қатысты. Қалалық басқармалардың өкілдері, жеке меншікті ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ, елорда тұрғындары таңертең қала көшелерін жинауға, абатттандыруға атсалысты.

«Алматы» ауданында тиісті жұмыстарға 47 493, «Сарыарқа» ауданында — 33 856, «Есіл» ауданында — 19 852 адам жұмылдырылды. Қаланы санитарлық тазарту жұмыстарына 191 тиегіш техника мен 431 жүк көлігі тартылды. Аудандар аумақтарында терек, тал, шетен, арша және т.б. ағаштар отырғызылды. Сенбілік аясында Астанада 16 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Астана жаңалықтары: Жалпықалалық сенбілік нәтижесі

Сенбілік аясында 163 мыңға жуық ағаш сыланды, парктер мен саябақтар жиналды. Сонымен қатар, студенттер мен әскери бөлімшелердің әскери қызметкерлерінің күшімен Есіл, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ өзендерінің арналарын тазарту бойынша экологиялық акциялар өткізілуде.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Елбасы жалпықалалық сенбілікке қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев «Таза қала – бақытты қала» жалпықалалық сенбілігіне қатысып, ағаш отырғызды. сондай- ақ сенбілікке шыққандармен және қала жастары өкілдерімен әңгімелесті.

Қазақстан Президенті бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингте таяуда бірқатар шет мемлекеттерге жасаған сапары жөнінде айтып берді.

Астана жаңалықтары: Елбасы жалпықалалық сенбілікке қатысты

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елорданы көгалдандыру аясында қаланың айналасында 70 мың гектар ағаш отырғызылған, ал оның ішкі бөлігінде жыл сайын саябақтар мен гүлзарлар пайда болып жатқанын атап өтті.

– Қазақстанмен бірге Астана да ажарланып келеді. Оны бүкіл әлем жұрты біледі. Келер жылы, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына қарай қаламыздың халқы 1 миллионға жетеді деп ойлаймын. Бұл – елорда ғана емес, бүкіл республика бойынша туу көрсеткішінің жоғары болуының нәтижесі. Астанада тұрғындар саны 3-4 миллионға жетсе, ғылым мен білімнің, технологияның, медицинаның одан әрі дамуына бұдан да зор үлес қосылады, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды абаттандыру ісіне белсене қатысуға шақырды.

Егер әрбір азамат, әсіресе жастар елді мекендерді тазарту және ағаш отырғызу жұмыстарына қатысатын болса, онда әр ауыл, аудан, қала және олармен бірге бүкіл еліміз де көркейе түседі. Тұрмысы төмендер мен жетімдерге көмек көрсету де аса маңызды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын біз осындай нақты іс-қимылмен қарсы алуға тиіспіз. Біздің керемет байтақ еліміз бар, оның жеріне ағашты көп егуіміз қажет, ол халықтың денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Өз елін сүйетін адам оның игілігі үшін жұмыс істеп, болашағын ойлайды, – деді Мемлекет басшысы.

***

Сенбілік қаланың санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі экологиялық айлығы аясында өткізіліп отыр. Оған 4 мыңға жуық кәсіпорын мен ұйымнан, 200-ден аса денсаулық сақтау және білім беру мекемесінен, 130 мемлекеттік мекеме мен ведомстводан және ұлттық компаниялардан 100 мыңнан астам адам қатысты.

Сенбілік барысында 16 мыңдай ағаш егілді. Сонымен қатар Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендері арналарын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатымен экологиялық акция өткізілді.

Қаланы санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі экологиялық айлық 18 сәуірден 18 мамырға дейін жалғасады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай